Месси Чемпиондар Лигасында рекорд жаңартты

Месси Чемпиондар Лигасында 33 командаға гол соққан “Реал Мадридтің” бұрынғы шабуылшысы Рауль мен “Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналдуды басып озды.
Сонымен бірге ойынның 51-минутында Месси симуляция жасағаны үшін сары қағаз алды.
Ойын 3:1 есебімен “Барселона” клубының пайдасына шешілді. Мессиден бөлек, Суарес пен Гризман мергендігімен көзге түссе, “Боруссия” клубынан жалғыз голды ойынның 77-минутында Санчо соқты. Барселона Ғ тобынан бірінші орынмен келесі кезеңге өтті. Айта кетейік, 32 жастағы Месси “Барселона” клубы тарихындағы ең үздік бомбардир. Клуб үшін 700 матчта ол 613 гол соғып, 249 нәтижелі пас берген.