Вирджил ван Дейк үздік көрсеткіш бойынша Мессиді тағы да артта қалдырды
“Ливерпуль” қорғаушысы Вирджил ван Дейк 2018/19 жылғы Чемпиондар Лигасында ең жылдам жүгірген футболшы атанды.
"Барселона” командасымен өткен Чемпиондар Лигасының жартылай финалы “Камп-Ноу” стадионындағы бірінші ойында (3:0) нидерландиялық футболшы сағатына 34,5 шақырым жылдамдықпен жүгірген.
Екінші және үшінші үздік нәтижелерді – “Манчестер Сити” ойыншылары көрсеткен. Лерой Сане “Хоффенхайммен” арадағы ойында 34,4 шақырым, ал, Кайл Уокер “Тоттенхэм”-“Манчестер Сити” кездесуінде 34,2 шақырым жылдамдықпен жүгірген.
Айта кетейік, Вирджил Ван Дейк өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанып, Еуропаның үздік ойыншысына берілетін сыйлықты иеленгенін, Барселона” шабуылшысы Лионель Месси екінші,“Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналду үшінші үздік нәтиже көрсеткенін жазған едік.