Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » 700-голын соққан Криштиану Роналду

700-голын соққан Криштиану Роналду

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Украина қақпасына бір гол соқты. Бұл оның карьерасындағы 700-голы екен,–дейді baq.kz

Португалиялық футболшы бұған дейін  "Спортинг" сапында - 5, "Манчестер Юнайтедте" - 118,  "Реалда" - 450, "Ювентусте" - 32  және ұлттық құрамада - 95  гол соққан.

Айта кетейік, Роналду осы күні спорттық карьерасын жалғастырып жатқан футболшылардың арасында 700 гол соққан жалғыз футболшы. Одан кейінгі орында "Барселона" командасы мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси тұр ( 672).

15 қазан 2019 ж. 173 0