Головкин - Альварес трилогиясы 2021 жылға шегерілді

Енді «Канело» Билли Джо Сондерспен 2021 жылдың мамырында жұдырықтасады. Кейін қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізеді. Алайда бұл нақтыланбаған мерзім. Қазіргі уақытта бірнеше сценарий бар екені, бәрі пандемия жағдайына байланысты жасалады. Бұған дейін «Канелоның» күзде Сондерспен қолғап түйістіріп, 2020 жылыдң соңына қарай Головкинмен жұдырықтасуды қалайтыны хабарланған. Қазіргі уақытта Альварестің командасы биыл екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Оның командасы қазір ықтимал қарсыластар іздестіріп жатыр.