Ағылшын премьер-лигасының қашан жалғасатыны ресми түрде айтылды

Турнирді жалғастыру туралы шешім АПЛ клубтарының жиналысында қабылданды. Ең басты талап - барлық сақтық шарасын ұстану.
Маусым 28-турдың шегерілген матчтарымен жалғасады: "Манчестер Сити" - "Арсенал" және "Астон Вилла" - "Шеффилд Юнайтед". Сол кезде барлық клубтың ойындар саны теңеседі - 29.
Ал 30-тур 19 маусымда басталады - матчтардың басым бөлігі демалыс күндері болады. Ойындар көрерменсіз өтеді.