Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » IBF жыл үздіктері тізіміне Геннадий Головкинді қоспады

IBF жыл үздіктері тізіміне Геннадий Головкинді қоспады

Халықаралық бокс федерациясының белбеуін үш не одан да көп мәрте қорғаған боксшылар чемпиондық жүзік алды.
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 2019 жылдың үздік боксшыларын анықтады.
Айта кетерлігі, жыл үздіктері тізіміне қазақстандық Геннадий Головкин ілінген жоқ.
Джерси Джо Уолкоттың құрметіне берілетін "Жыл боксшысы" номинациясында жартылай орта салмақта IBF чемпионы Эррол Спенс жеңімпаз атанды, деп хабарлады prosports.kz.
IBF белбеуін үш не одан да көп мәрте қорғаған боксшылар чемпиондық жүзік алды:
  • Артур Бетербиев – жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы;
  • Мари-Ив Дикер – екінші орта салмақта IBF чемпионы;
  • Морути Мталане – аса жеңіл салмақта IBF чемпионы;
  • Кларисса Шилдс – орта салмақта абсолют чемпион;
  • Джош Уоррингтон – жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы.

11 маусым 2020 ж. 681 0