"Канело" мен Ковалев қарашада жұдырықтасуға келісті - БАҚ

Боксшылардың жекпе-жегі жайлы келесі аптада ресми түрде хабарланады. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтеді.
Айта кетейік, тамызда Ковалев британиялық Энтони Ярдке қарсы жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы белбеуін қорғап қалған еді. Жекпе-жектен кейін Ковалев жартылай орта салмақта WBA және WBC белбеулерінің иегері мен екінші орта салмақта WBA тұрақты чемпионы Сауль Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.
https://kaz.tengrinews.kz/boxing/kanelo-men-kovalev-karashada-judyiryiktasuga-kelst-bak-300923/