Чемпиондар лигасы 1/8 финалының өтетін күні белгілі болды

Чемпиондар лигасының ширек финалы 8-9 тамыз аралығында өткізілуі мүмкін. Лиссабонда 12 тамызда 8 команда қатысатын плей-офф форматындағы шағын турнир жоспарланған. Ойындар Хосе Алваладе мен Эстадио да Луш стадиондарында жанкүйерлерсіз өтеді.
Осыған дейін "Пари Сен-Жермен", "Атлетико Мадрид", "Атланта" және "РБ Лейпциг" турнирдің ширек финалына шықты.
Ал 1/8 финалдың қалған төртеуінің жауап матчтары өтуі керек. Олар: "Реал" - "Манчестер Сити" (1: 2), "Челси" - "Бавария" (0: 3), "Лион" - "Ювентус" (1: 0),"Наполи"-"Барселона" (1: 1).
massaget.kz