Головкиннің келесі жекпе-жегі: Альвареспен өтетін трилогия мерзімі нақтыланды
Қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі жыл соңына дейін өтеді деп жоспарланған деп хабарлайды alashainasy.kz
Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жыл соңына дейін рингке оралатыны белгілі болды. Ол келесі жекпе-жегін поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізеді.
Шереметаның промоутері Анджей Василевскийдің айтуынша, олардың айқасы қазан немесе қараша айына жоспарланған.
Шереметаның промоутері Анджей Василевскийдің айтуынша, олардың айқасы қазан немесе қараша айына жоспарланған.
"Біз қазірше қазан айының екінші немесе үшінші сенбісін (10 немесе 17 қазан) яки қарашаның алғашқы сенбісін (7 қараша) белгілеп отырмыз", - деді ол.Бұл 2020 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) трилогиясы өтпейтінін білдіреді. Болжам бойынша, олардың жекпе-жегі 2021 жылдың алғашқы жартысында, дәстүрлі мексикалық "Синко де майо" мерекесіне орай өтеді.