Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бавария" Чемпиондар лигасын жеңіп алды

"Бавария" Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Футболдан 2019/20 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалында "Бавария" мен "Пари Сен-Жермен" кездесіп, ойын мюнхендік клубтың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.
Матч 23 тамызда Лиссабондағы "Эштадиу да Луш" стадионында өтті. 
Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. "Бавария" Чемпиондар лигасының биылғы маусымы жазда қайта жалғасқаннан кейін алғаш рет үзіліске дейін гол соқпады. 
Матчтағы жалғыз голды "Бавария" хавбегі Кингсли Коман салды. 59-минутта Йозуа Киммих асырған допты Коман баспен қақпаға тоғытты. 
Осылайша, "Бавария" тарихында алтыншы рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. 
24 тамыз 2020 ж. 567 0