Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арсен Венгер футбол ережелерін өзгертуді ұсынды

Арсен Венгер футбол ережелерін өзгертуді ұсынды

FIFA футболды жаһандық дамыту бөлімінің басшысы, лондондық "Арсеналдың" экс-жаттықтырушысы Арсен Венгер кейбір футбол ережесін өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды odds.ru.
"Біз кейбір ережені қарастырып жатырмыз. Доп алаңнан шығып, содан кейін ойынға оралған кезде бұрыштамадопқа рұқсат етуге болады. Бұл гол үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Сондай-ақ, мен ауттан кейін доп лақтыру ережелерін өзгерткім келеді. Матч аяқталғанға бес минут қалғанда, доп лақтыру артықшылық беруі керек, себебі мұндай жағдайда лақтыратын командада тоғыз ойыншы, ал қарсыласта 10 адам болады.
Статистикаға сәйкес, осындай 10 жағдайдың сегізінде команда допты жоғалтады. Өз алаңыңда допты аяқпен енгізуге мүмкіндік беру керек", - деді Венгер.
09 қазан 2020 ж. 598 0