Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдың оффсайд ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін

Футболдың оффсайд ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (FIFA) оффсайд ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін. Қазіргі таңда жаңа өзгерістерді талқылауда, деп жазажы Massaget.kz.

Қазіргі ереже бойынша шабуылшы мен қорғаушы бір сызық бойында болу керек. Шабуылшы сәл алда болған жағдайда (тіпті саусағының ұшы) оффсайд болады. Ал жаңа ереже бойынша шабуылшы қорғаушы арасында айтарлықтай алшақтық болмаса, оффсайд болып есептелмейді. Яғни саусағының ұшы, басы немесе аяғы сызықтан сәл асып тұрса қапталдағы төреші жалауын көтермейді. Ал бүкіл денесі алда болып, арада жарық өтер алшақтық болса оффсайд саналады. 
FIFA бұл ережені мақұлдайтын болса, одан кейін Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесіне (IFAB) ұсынады. Тест ретінде қолданысқа енгізіліп, одан кейін бір шешімі қабылданады. 
Оффсайд ережесіне соңғы рет 1990 жылы өзгеріс енгізілген. Ол кезде шабуылшы мен қорғаушы бір сызық бойында болуы керек деген қазіргі ереже қабылданған еді.
03 қаңтар 2020 ж. 808 0