Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПСЖ "Реалдың" үш бірдей ойыншысын сатып алғысы келеді

ПСЖ "Реалдың" үш бірдей ойыншысын сатып алғысы келеді

Францияның ПСЖ футбол клубы Мадридтің "Реал" командасы сапында ойнайтын үш бірдей ойыншыны сатып алғысы келеді, - деп жазады Le Parisien басылымы. Париждік команда жартылай қорғаушылар Тони Кроос пен Искоға, шабуылшы Гарет Бэйлға қызығушылық танытуда екен. Бұл үш ойыншы да "корольдік клубтың" қазіргі бас жаттықтырушысы Зиннедин Зиданның жаңа команда жасақтаудағы жоспарында жоқ ойыншылар көрінеді. ПСЖ үш футболшыны алатын болса 200 миллион еуро шығындайды. "Реал" Исконы 60 миллион еуро, Бэйлды 70 миллион еуро, ал Кроосты 80 миллион еуроға бағалауда. Париждік команда, әсіресе Тони Кроссты өз қатарларынан көргісі келеді.
https://massaget.kz
14 мамыр 2019 ж. 786 0