"Реал" франциялық шабуылшы Мбаппены рекордтық бағаға сатып алуы мүмкін

"Корольдік клуб" 20 жасар ойыншының трансфері бойынша келіссөздерді бастауға ниет білдіріп отырған көрінеді. "Реал" француз үшін рекордтық (280 миллион еуро) беруге дайын екен. Мбаппенің Мадридке көшуіне клуб президенті Флорентино Перес және бас жаттықтырушы Зинедин Зидан мүдделі.
Айта кету қажет, "Реал" 2017 жылы Мбаппені сатып алмақ болған. Бірақ ол кезде ойыншы ПСЖ таңдап еді.
ernur.kz