Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗИДАН «РЕАЛДЫҢ» БАС БАПКЕРІ АТАНДЫ

ЗИДАН «РЕАЛДЫҢ» БАС БАПКЕРІ АТАНДЫ

Мадридтік «Реал» француз маманы Зинедин Зиданның «Реалға» қайтадан бас бапкер болып оралғаны туралы ресми мәлімдеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды.
Клуб пен Зидан 2022 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойған. Еске салсақ, 46 жастағы Зидан «Реалды» 2016-2018 жылдары жаттықтырып, мадридтік клуб үш мәрте қатарынан Чемпиондар лигасын жеңіп алған еді.
Зидан былтырғы маусымнан кейін клубтан кеткен. Оны испан маманы Хулен Лопетеги алмастырған болатын. Алайда Лопетеги сәтсіздікке ұшырап, бес айдан соң өз орнын Сантьяго Солариге босатып берді.
Бірақ «Реал» Соларидің басшылығымен Ла Лигада «Барселонадан» 12 ұпайға қалып, Испания кубогы мен Чемпиондар лигасынан ұшып кетті. Қазір «Реал» Испания чемпионатының 27 турынан кейін 51 ұпай жинап, үшінші орында келе жатыр. Мадридтік клубтың басшылығы соңғы сәтке дейін португалиялық маман Жозе Моуриньо мен Зиданды кандидат ретінде қарастырған. Ақырында Зиданның кандидатурасына тоқтаған.
aikyn.kz
12 наурыз 2019 ж. 964 0