Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман Месси мен Роналду дәуірін алмастыратын ойыншыны атады

Маман Месси мен Роналду дәуірін алмастыратын ойыншыны атады

  vesti.kz "Арсеналдың" бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер біраз уақыттан кейін Лионель Месси мен Криштиану Роналду орнын Килиану Мбаппе басатынын айтады. 
"Лионель Месси... Кез келген қиын жағдайда осынша креатив танытатын ойыншыны әлі көрмедік. Бұл ойыншылардың - Роналду мен Месси уақыты - аяқталуға таяды. Келесі буынның уақыты келді, ал келесі толық франциялық болуы мүмкін.
Дәл қазір Мбаппе көшбасшы бола алады. Неймар да бар әрине. Меніңше, Англия мүмкіндіктері де жаман емес. Жастар деңгейінде оларда бәрі жақсы", - деп беріп отыр Вангердің сөзін The Sun басылымы TalkSPORT порталына сілтеме жасап.

12 мамыр 2020 ж. 463 0