«Реал» екі ойында бір ұпай олжалады
Футболдан Чемпиондар лигасының екінші тур ойындары басталды. Бәсекенің алғашқы күнінде 4 топтың командалары өзара кездесті.
А тобында өнер көрсететін Мадридтің «Атлетикосы» өз алаңында «Зальцбург» клубын қабылдап, тең ойынды қанағат тұтты. Топтағы екінші ойында «Бавария» қонақта Ресейдің «Локомотив» командасын 2:1 есебімен жеңді. В тобындағы екі ойын да тең нәтижемен аяқталды. Өткен турда «Шахтёрден» жеңілген «Реал» бұл жолы «Боруссия М» (2:2) клубынан ұтылып жатып, соңғы минуттарда есепті теңестіріп кетті. Ал «Интер» Донецкіде «Шахтёр» (0:0) қақпасына гол соға алмады.
С тобындағы фаворит командалар еш қиындықсыз жеңіске жетті. «Манчестер Сити» сырт алаңда «Марсель» клубынан (3:0), «Порту» өз жерінде «Олимпиакостан» (2:0) басым түсті. D тобында бақ сынайтын «Ливерпуль» екінші құрам ойыншыларымен «Мидтьюлландты» (2:0) қапы қалдырса, «Аталанта» мен «Аякс» (2:2) ойынында жеңімпаз команда анықталмады.
qazaly.kz