Қазақстандық боксшылар WBO және WBC титулдарын жеңіп алды
![](/uploads/posts/2020-11/medium/1604292224_201102101037870a3713443i.jpg)
Мирас Ертанов (2-0, 0 КО), Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО), Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) және Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Титулдық жекпе-жек нәтижесі: Мирас Ертанов (2-0, 0 КО) — Дарын Имаханов (1-1, 0 КО). Ертанов ұпай саны бойынша жеңіске жетіп, бірінші орта салмақта WBC ABC Silver титулын жеңіп алды. Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО) — Ерасыл Ақранбек (1-1, 0 КО). Жеңіс Сұлтанбайдың еншісінде. Ол бірінші орта салмақта WBO Asia Pacific титулын иеленді. Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) — Бекет Қожабеков (1-1, 0 КО). Тұрсынов төртінші раундта нокаутпен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBC ABC Silver титулына қол жеткізді. Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) — Нұрболат Бекбауов (1-1, 1 КО) жекпе-жегі бірауыздан төрешілердің шешімімен Әміровтің жеңісімен аяқталды. Ол екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO Asia Pacific бос титулының иегері атанды.