Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » IBO Головкиннің чемпиондар арасындағы келесі қарсыласын таңдады

IBO Головкиннің чемпиондар арасындағы келесі қарсыласын таңдады

Халықаралық бокс ұйымының (IBO) ресми твиттері қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын анықтау үшін сауалнама жүргізді, Сауалнамада орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF титулдарының иегері мексикалық Сауль Альварес бірінші орын алды. Оны дауыс берушілердің 59 пайызы таңдаған. Екінші орында орта салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде тұр - 20 пайыз. Одан кейінгі орындарды екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (15 пайыз) пен орта салмақта WBC "уақытша" белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (5 пайыз) еншіледі.Головкин IBO титулын 2011 жылы жеңіп алған еді, оны 2018 жылдың қыркүйегіне дейін қорғап келген. Былтыр Альварестен төрешілер шешімімен жеңілген соң барлық титулынан айырылған болатын.  Ал биыл 8 маусымда Нью-Йоркте DAZN стриминг сервисінде дебютін өткізіп, канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген. Кездесуден кейін Головкин "Канелоны" жекпе-жекке шақырған еді.
18 маусым 2019 ж. 945 0