Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық зілтеміршілер ел чемпионатында ІІ орынды иеленді

Қызылордалық зілтеміршілер ел чемпионатында ІІ орынды иеленді

20 жəне 23 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты «ZOOM» бағдарламасы бойынша онлайн жүйеде өтті.
Ел чемпионатына Алматы, Шымкент қалаларынан жəне он екі облыстан 469 спортшы 20 салмақ дəрежесінде шеберлік байқасты.
Жарыс нəтижесінде облыс спортшылары екі жас ерекшелігі бойынша барлығы 7 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.
Жекелей есепте 59 келі салмақта Аяжан Нұржан (71+87=158), 81 келіде Есенгелді Сəпи (130+176=306) мен Динара Қыпшақбай (79+102=181) жəне 89 келіде Арыстанбек Жаханша (146+185=331) Қазақстан жеңімпазы атанды.
55 келіде Мақсат Қуантхан, 61 келіде Дінмұхаммед Данышпан, 64 келіде Нұрай Құрманбай, 89 келіде Нұрдаулет Қалдыбек, 102 келіде Бағдаулет Камал серпе жəне жұлқа көтеру жаттығулары бойынша күміс жүлделерге ие болды.
49 келіде Таңшолпан Қаюпова, 61 келіде Ерасыл Ергенбай жəне 109 келіде Əлішер Оразбек қола жүлделерді еншіледі.
kyzylorda-news.kz

11 қараша 2020 ж. 676 0