Astana Pro Team велокомандасын канадалық компания сатып алды

Осыған байланысты Astana Pro Team өз атауын Astana-Premier Tech деп өзгертеді, деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі. Осылайша велокоманданың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» қаржыландыруды 50%-ке қысқартады. Қысқа мерзімді перспективада велокомандаға өзін-өзі қаржыландыруға шығу, бұл ретте UCI әлемдік турының жарыстарында өз өнерін жалғастыру міндеті қойылады. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен ұстаудың орынсыз екенін атап өткен болатын.