Спорт басқармасының басшысы Тұрсынбай Құлахметті қабылдады

Басқарма басшысы Тұрсынбайды жеңісімен құттықтап, алдағы жоспарларды талқылады.
Айта кетейік, жақында ғана Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Оңтүстік Крикбидегі (Ұлыбритания) бокс кешінде екінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.
Қазіргі таңда Қамшыбек пен Тұрсынбай алдағы жекпе-жектеріне тыңғылықты дайындық үстінде.
Сондай-ақ, 22-29 қараша аралығында Шымкентте бокстан ересектер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына облыс құрамасы қатысады.
