Бокстан әлем чемпионатында қызылордалық Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын нокдаунға жіберді

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Тұрсынбай чехиялық боксшыға айла қалдырған жоқ. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп те үлгерді. Ауыр әрі нық соққыларын жаудырған қазақстандық боксшының жеңісіне төрешілер де күмән келтірген жоқ.
Қазылар бірауыздан Тұрсынбай Құлахметті жеңімпаз деп таныды. Осылайша, рингке шыққан қазақстандық боксшылар түгелдей келесі айналымға өтті. Тұрсынбайдан бөлек, 52 келідегі Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин әлем чемпионатын одан әрі жалғастырады.