Головкиннің қарсыласы ерекше мәлімдеме жасады

"Мен бұл жекпе-жектің болғанын қалаймын. Оған аз қалды. Бұл жекпе-жекке жету үшін тырыстым, сондықтан тек қуану керек. Мен рингке дүние жүзіндегі ең мықты боксшының бірімен шығамын", - деді польшалық боксшы.
Шеремета COVID-19-жұқтырып, айығып шыққан. Ол GGG сөзсіз фаворит болса да әлемдік бокс тарихында қалатынына сенімді.
"Бастысы мен, отбасым маған сенеді. Балаларыма қараған кезде осының бәрін солар үшін істеп жүргенімді түсінемін", - дейді боксшы.
Еске салайық, қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 19 желтоқсан таңертеңгі уақытта өтеді. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.