Камил Шеремета Головкинмен алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Шеремета - Головкин жекпе-жегі тамызға жоспарланып отыр, дегенмен, бұл уақыт әлі нақты белгіленбеді. Бокс кеші кәсіпқой спортшылар үшін шекарасын аша бастаған АҚШ жерінде және көрерменсіз өтеді.
"Менің мақсатым - әлем чемпионы титулын жеңіп алу. Жанкүйерлерім белбеу үшін жұдырықтасқанымды өз көздерімен көргенін қалар едім. Бірақ амалдың жоғынан осыған көнеміз. Егер маған титул үшін көрерменсіз жұдырықтасу немесе мүлде жекпе-жекке шықпау таңдауы берілсе, біріншісін қалайтыным анық", - дейді Шеремета.