Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Головкиннің келесі қарсыласы жекпе-жек орны мен уақытын атады

Головкиннің келесі қарсыласы жекпе-жек орны мен уақытын атады

   Польшалық боксшы Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) промоутері Анджей Василевски Еуропа чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасуға дайын екенін айтады деп хабарлайды qamshy.kz ақпарат агенттігі.
  "Біз дайынбыз. Камил Шеремета - арманы биік боксшы. GGG сияқты аңыз боксшымен жұдырықтасуды қалайды. Бұл - оның мақсаты", - дейді Василевский The Ring журналына берген сұхбатында. Промоутердің сөзінше, Шеремета мен Головкин жекпе-жегі 8 немесе 29 ақпанда өтеді. Ал кездесу орны ретінде Чикагодағы Wintrust Arena таңдалды. Шереметаның өзі чемпиондық атақ үшін көптен бері жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.  "Еуропа чемпионы болу мен үшін абырой, бірақ, өмір жалғасуда, сондықтан мен одан үлкенін қалаймын. Әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасқым келеді.  "Madison Square Garden аренасында өнер көрсетіп, Геннадийдің Big drama шоуының бөлігі болу үлкен тәжірибе берді. Жас кезімде осы аренадағы Анджей Голотаның Риддик Боумен, Джон Руис және Крис Бердпен жекпе-жектерін тамашалайтынмын. Ол жерде жұдырықтасу орындалған арман болды.  Оскар Кортеспен жекпе-жек қысқа болды. Бұл АҚШ-та алғаш өнер көрсетуім, сондықтан, оны әсерлі ету керек болды. Бастысы жеңу еді, алайда, нокаут болғанын да қаладым", - деді Шеремета.

06 қараша 2019 ж. 219 0