Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүкембаев Головкиннің келесі қарсыласымен таныс екенін айтты

Жүкембаев Головкиннің келесі қарсыласымен таныс екенін айтты

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) таныстығы жайлы айтып берді, 2016 жылы 16 желтоқсанда Жүкембаев және Роллс Квебектегі бір бокс кешінде өзерінің жекпе-жектерін өткізген. Ол кезде екі боксшы да қарслыластарын нокаутпен жеңген. "Роллспен бір шоуда болдық. Оның бапкері Орталық Азиядан екенін білемін. Сол жерде танысқанбыз. Бірақ оның жұдырықтасқанын көрмедім. Былай айтқанда - бұл үлкен жекпе-жек алдындағы қыздырыну. Головкиннің DAZN-де карьерасы қалай өрбитінін білмеймін. Роллспен жекпе-жек - өте маңызды. Көптеген сұрақтарға жауап болады. Головкиннің дайындығы қандай деңгейде екенін көреміз. Дәл қазір бұл GGG-ге ғана белгілі", - дейді Жүкембаев. 37 жастағы Головкин мен Роллс кездесуі 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл қазақстандық боксшы үшін жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен өтетін бірінші жекпе-жек.
https://kaz.tengrinews.kz
30 мамыр 2019 ж. 858 0