Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы бірде-бір рет жеңілмеген қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы бірде-бір рет жеңілмеген қарсыласын нокаутқа жіберді

Нұр-Сұлтандағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) ганалық Иссу Самирді (19-1, 16 КО) жеңіп, WBC, WBO және WBA әлем чемпионы титулдарын қорғап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

12 раундқа есептелген екінші орта салмақтағы жекпе-жек (76,2 килограмға дейін) үшінші 3 минутта аяқталды.
29 жастағы Ербосынұлы кездесуді белсенді түрде бастап, екінші нөмірмен жұмыс істеген қарсыласын қыспаққа алды. 31 жастағы ганалық алғашқы екі раундта табандылықпен шыдас берсе де, үшіншісінде көп соққыны жіберіп алды. Нәтижесінде ол нокдаунға түсіп, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Айдос Ербосынұлы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Исса үшін бұл мансабындағы жеңіліс бірінші болды, ал Ербосынұлы жеңісті жолын жалғастырды.
Бұдан өзге, шаршы алаңда Данил Семенов Ганц Абрахам Табулды жеңді, Евгений Павлов филиппиндік Алие Лаурелден басым түсті, Бекзат Нұрдәулетов нигериялық Кабира Товолавидті жеңіліске ұшыратты, ал Бек Нұрмағанбет ганалық Эммануэль Дансодан айласын асырды.
stan.kz

17 желтоқсан 2020 ж. 493 0