Қазақстандық боксшы мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Бұл Батыр Жүкембаевтың профидегі 16-шы жекпе-жегі. Айта кетелік, 28 жастағы спортшы профидегі алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы өткізіп, әзірге тек Канадада өнер көрсеткен. 16 наурызда соңғы жұдырықтасуында қазақстандық төрешілердің бірауыз шешімімен мексикалық Хильберто Месуды жеңген.