Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшысы WBC рейтингінде жоғарылады

Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшысы WBC рейтингінде жоғарылады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингінде қазақ боксшысы топ-15 тізіміне енді, - деп хабарлайды vesti.kz
Спорт порталының мәліметінше, екінші орта салмақта WBO Global, WBC Asia және WBA белбеулеріне ие Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) 24-орыннан бірден 15-ке көтерліген. 
Қазақ боксшысы кейінгі жекпе-жегін 26 шілдеде Минскте өткізіп, Нуху Лавальді (27-7, 15 КО) жеңген болатын. Жекпе-жек кезінде Айдос қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген еді. 
Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы, WBC International Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов 14-орыннан 13-орынға көтерілді.

19 тамыз 2020 ж. 718 0