Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » САДРИДДИН АХМЕДОВ АЛМАТЫДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕТІН БОЛДЫ

САДРИДДИН АХМЕДОВ АЛМАТЫДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕТІН БОЛДЫ

WBC тұжырымы бойынша орта салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Алматыда титулдық жекпе-жек өткізбек. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның жазуынша, кездесу 24 наурыз күні Алматыда өтеді. Бұл кездесуде боксшы WBC Asia титулын иелену үшін жұдырықтаспақ. Әзірге қарсыласы белгісіз. САДРИДДИН БҮГІНГІ ЖЕҢІСІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА АРНАДЫ (ВИДЕО) «Ассалаумағалейкум барша қазақ бокс жанкүйерлері! Сіздермен өзімнің жақсы жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Алла қаласа 24 наурызда қазақ елінде, яғни Алматы төрінде өзімнің сегізінші жекпе-жегімді өткіземін. Барлықтарыңызды нағыз қазақ боксын көруге шақырамын және сіздерді нағыз үлкен шоумен бөліскім келеді. Қзірге бар жаңылықтарымыз осы. Дайындық жақсы деңгейде өтіп жатыр. Келіп колдау көрсетіп, барлық қазақ боксшыларына жанкүйер болғандарыңызды қалаймыз! Жекпе-жек «Алматы Аренада» өтеді. Бұл кездесуде ересектер арасындағы WBC Asia сарапқа салынатын болады» деп жазған. Еске салсақ, Ахмедов соңғы рет 27 қаңтарда шаршы алаңға шығып, Канаданың Монреал қаласында 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті төртінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осылайша, WBC тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы «жастар» чемпионы атанды. САДРИДДИН АХМЕДОВ ҚАРСЫЛАСЫН АЙҚЫН ЖЕҢІП, ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ ТӘНТІ ЕТТІ (ВИДЕО) Осы жеңістен кейін қазақ боксшысы BoxRec 116 сатыға жоғарылап, 85 орынға жайғасты. Боксшы қазірге дейін кәсіпқой рингте жеті кездесу өткізіп, жетеуінде де жеңіске жеткен.
Абай Қазбекұлы
aikyn.kz
07 наурыз 2019 ж. 852 0