Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлімханұлы жеңісінен кейін әлем рейтингінде жоғарылады

Әлімханұлы жеңісінен кейін әлем рейтингінде жоғарылады

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңгеннен кейін әлем рейтингінде 11 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz
  Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездескен. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірген.
  Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 66-орыннан 55-ке жоғарылады.
  Осылайша, Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуі - нокаутпен. Онолуносе болса, 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілді.
11 қараша 2019 ж. 776 0