Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 17 тамызда өткізеді, Орта салмақтағы жекпе-жек Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 32 жастағы канадалық Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) болады. Кездесу он раундқа жоспарланған.  Бұл шоудың басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эмануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен америкалық Франсиско Де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 12 сәуірде Лос-Анджелесте мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және екінші деңгейлі WBO Global белбеулерін иеленген еді.
https://kaz.tengrinews.kz
22 шілде 2019 ж. 937 0