Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақы стиль көрсетемін": Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жек күні белгілі болды

"Қазақы стиль көрсетемін": Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жек күні белгілі болды

Жәнібек жақын күндері болатын шайқаста «қазақ стильді» көрсетуге уәде берді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жектің күні мен орнын атады, сондай-ақ, ол жаттығудың формасын көрсетті.
Ал келесі жекпе-жек 17 тамызда Калифорния штатының Лос-Анжелес қаласында  Banc of California Stadium алаңында өтеді. Қарсылас осы аптада белгілі болады.
Жекпе-жек форматы он раундтан тұрады. Қазіргі уақытта Әлімханұлы 12 сәуірде Мексика боксшысы Кристиан Оливасты жеңген соң төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белдіктерін иеленді. Кейінірек қазақстандық боксшы WBO-ның әлем чемпионы атағын алу үшін күресуге дайын екенін айтты.
https://stan.kz
16 шілде 2019 ж. 746 0