Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды

Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды

Қарағандыда өтіп жатқан үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жекелей сын бәсекелері жалғасуда. Бүгін ерлер мен әйелдер арасында алтын және қола жүлдеге таласатын спортшылар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. Қыздар арасындағы финалдық сында 15 жастағы шымкенттік спортшы Сарвиноз Миркадирова мен елордалық Анастасия Лаврова кездеседі.  Сарвиноз тәжірибелі Гулчехра Хусейнованы ұтып, жартылай финалда ел чемпионы Зәуреш Ақашеваны жеңді.
Ал Анастасия Лаврова Арай Әшкеева (Қарағанды), Алсу Сапарова (Орал), Анель Бахытты (Шымкент) жарыс жолынан шығарып, финалға жолдама алды.  Ерлер арасындағы бәсекеде жас теннисші Алан Құрманғалиев (Қарағанды) тәжірибелі ойыншылардан басым түсті. Ол ұлттық құрама мүшесі Денис Жолдуевті, ел чемпионатының күміс жүлдегері Айдос Кенжеғұловты, жастар командасының мүшесі Ирисбек Артыкметовті жеңді. 
Финалда Алан Құрманғалиев пен оралдық Дастан Кенжеғұлов кездеседі.  Қола жүлдеге таласатындар: Денис Жолдуев-Айдос Кенжеғұлов, Ирисбек Артыкметов – Владислав Захаров, Зауреш Акашева-Алсу Сапарова, Анель Бахыт – Гулчехра Хусейнова. 
egemen.kz
16 қаңтар 2021 ж. 671 0