Томас Бах Токиодағы Олимпиадаға қатысты мәлімдеме жасады
«Олимпиада ойындарының уақыты өзгермейді. Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 23 шілдеде Токиодағы олимпиадалық стадионда өтуі керек. Оны барынша қауіпсіз қылуға тырысамыз», – деді Томас Бах.
ХОК президенті арнайы мәлімдеме жасап, Олимпипда өтпейді деуге негіз жоқтығын қадап айтты. Бірақ оған келетін көрермендердің саны қысқартылуы мүмкін. Тіпті жүнкүйерсіз өтуі мүмкін екенін де алға тартты. Айта кетейік, Токио Олимпиадасы былтыр жазда болуы керек еді. Ғаламдық пандемияға байланысты ойын 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды. Қазақстан құрамасы бұл ойындарға 40-тан аса лизензия жеңіп алды. Жазға дейін оның санын 100-ге жеткізу жоспарланып отыр.
kyzylorda-news.kz