«Канело» тағы бір чемпиондық белбеуге ие болды

Бұған ол желтоқсан айында британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңгеннен кейін ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz -ке сілтеме жасап.
Канело» үшін Бұл The Ring-тің үшінші белбеуі және олардың барлығын түрлі салмақ дәрежелерінде иеленген: бірінші орта, орта және супер орта.
Еске салайық, Смитті жеңген Альварес WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын алған болатын. Сондай-ақ WBC белбеуін де иеленген. Келесі жекпе-жегін «Канело» 27 ақпанда түрік Авни Йылдырымға (21-2, 12 КО) қарсы өткізеді.
Мексикалық ұтысқа бірден екі белбеуін қояды. Ал қазақстандықтар Головкин – «Канело» трилогиясының соңғы жекпе-жегін күтуде. ESPN Deportes көпұлтты спорт арнасының ақпараты бойынша, Геннадий Головкин – Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек трилогиясының соңғы бөлігі осы жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.