Қанат Ислам 20 ақпанда кіммен жекпе-жекке шығатындығын жариялады

«Хабарлағаныма қуаныштымын! 20 ақпан күні сағат 21:00-де (21 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:00-де) көптен күткен жекпе жек өтеді.
Біз сіздердің оны қалай ұзақ күткендеріңізді білеміз!» – деп жазды Ислам Instagram-дағы парақшасында. Он раундық жекпе-жек Майами қаласында өтеді (Флорида штаты, АҚШ).
Еске сала кетсек, 2019 жылдың қазан айында кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе жегінде Қанат Ислам Алматыда Намибия боксшысы Уолтер Каутондоквадан (18-2, 17 КО) басым түсіп, WBO International дәрежесі бойынша орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.
inform.kz