Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАНАТ ИСЛАМ АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

ҚАНАТ ИСЛАМ АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Астана күніне орай жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді.
Еске салайық, мұның алдында Қанат Исламның аяқ жарақатын емдеу нәтижелі болмай, рингке оралуы белгісіз уақытқа шегерілгені хабарланған болатын. Боксшы наурыз басынан жаттыға бастауды жоспарлаған еді, алайда, жарақатты емдеу қиындықтарына байланысты қалыпқа келу созылып кеткен еді.
Осыдан кейін боксшы неге ұзақ уақыт рингке шықпағанын түсіндіріп, 40 жасқа дейін айқасатынын мәлімдеген.
Боксшының айтуынша, қазіргі таңда ол командасымен жекпе-жекке шығу мәселесін шешіп, дайындықты бастап жаттығып жатыр. Кездесу Алматыда өтеді, қарсылас әзірге белгісіз.
Еске салайық, Қанат Ислам соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген. Оның келесі жекпе-жегі 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алған болатын.
newsroom.kz
15 наурыз 2019 ж. 1 336 0