Қызылорда облысында көгалдағы хоккей салынады

Онлайн форматта халықпен есепті кездесу өткізген өңір басшысы өткен жылы бюджет есебінен 8 жаңа спорт нысаны салынып, 60 секциялы 5 жоба жүзеге асқанын атап өтті.
Өңірде шағын елді мекендерде спорт нысандарының құрылысы іске асады. Тасбөгет кенті мен Ақай, III Интернационал ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу басталады.
Гүлшара Әбдіқалықова аймақта инвесторлар есебінен 500 орынға лайықталған бір мектеп, Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 300 орындық бір мектептің құрылысы жүріп жатқанын жеткізді.
baq.kz