Коронавирус пандемиясына байланысты батутта секіру спорты бойынша Италиядағы әлем кубогінің өтетін уақыты өзгертілді, деп хабарлайды Olympic.kz. Италия Федерациясының өтініші бойынша FIG Еуропалық комиссиясы Брешиада (Италия) өтетін 23-24 сәуірге жоспарланған әлем кубогін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Жарыстың өтетін уақыты жақын арада ресми хабарланады.
Аталған шара 2021 жылдың маусымның бірінші аптасында өтеді деп жоспарлануда.
baq.kz