Головкин әлем чемпионы атағын қашан қорғайды

Мунгия – бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Головкиннің салмағында екі кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, Мунгия ирландиялық Гэри О’Салливанды кейін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды жеңген.
Қазақстандық боксшы WBO чемпионы Деметриус Андрадемен кездесе алмайды. Себебі, америкалық боксшы алдағы уақытта міндетті қарсыласы Лиам Уильямсқа қарсы кездесу өткізеді.