19 жастағы қазақ балуаны Азия чемпионатында алтын алды

Ересектер қатарына енді өтіп, былтырғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен Сұлтан Азия чемпионатында алдына жан салмады. Финалда ирандық Мейсам Далханиді уақытынан бұрын жеңді.
Ирандық балуан бірінші болып 3 ұпай алды. Кейін Сұлтан тік тұрып әдіс жасап, есепте алға шықты. Ал белдесудің екінші жартысында қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады.
massaget.kz