Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан спортшылары Токио олимпиадасына 53 жолдама жеңіп алды

Қазақстан спортшылары Токио олимпиадасына 53 жолдама жеңіп алды

Биыл Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары ел намысын спорттың 30 түрінен қорғайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова есептік кездесуінде айтты.

Министрдің мәлімдеуінше, ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Қазақстандық спортшылар бүгінге спорттың 22 түрінен 53 лицензия жеңіп алған.

Пандемияға байланысты 2020 жылдың тамызында өтуі тиіс Токио олимпиадасы кейінге қалдырылды. Жыл басында Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах биыл Олимпиада ойындары жоспарланған уақытта өтетінін мәлімдеді.

azattyq-ruhy.kz
14 мамыр 2021 ж. 1 758 0