Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жекке шығады
Бокстан Азия чемпионатында бүгін, 26 мамырда бес боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске салсақ, Азия чемпионаты Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында 24 мамырда басталды. Ол 31 мамырға дейін жалғасады.
Бүгін шаршы алаңға еліміздің атынан бес боксшы шығады. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдәулетов пен Қамшыбек Қоңқабаев бар.
Жекпе-жек елорда уақытымен 20.00-де басталады.
Алдымен Сәкен Бибосынов (52 келі) Шри-Ланка елінен келген Ласинду Эрандамен қолғап түйістірсе, одан кейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Біріккен Араб Әмірлігінің өкілі Хусейн Аль-Кандаримен шаршы алаңға шығады. Ал Әбілхан Аманқұл (75 келі) үндістандық Ашиш Кумар, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) ирандық Мейсам Гешлаги, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) үндістандық Нарендермен кездеседі.

kyzylorda-news.kz