Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Президент кубогының жеңімпаздары анықталды

Бокстан Президент кубогының жеңімпаздары анықталды

Бокстан Президент кубогы өтіп, жеңімпаздары мен жүлдегерлері тегіс анықталды. 

Қазақстан ерлер құрамасы 18 медаль жеңіп алды. 52 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Рустам Рустамов топ жарды. 69 келіде команда көшбасшысы Абылайхан Жүсіпов өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Ал биылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахметке 75 келіде ешкім тең келген жоқ. 81 келідегі жеңімпаз атағы Ерік Әлжановқа бұйырды. Василий Левит 91 келіде жас боксшы Айбек Оралбайды жеңіп, чемпион атанды. Аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев қарсылас шыдатқан жоқ.  
Президент кубогы - 2019:
Ерлер 
52 келі 
1. Сәкен Бибосынов; 
2. Махмұт Сабырхан; 
3. Олжас Байниязов, Фозилжон Абдумуродов (Өзбекстан).
57 келі 
1. Рустам Рустамов; 
2. Ілияс Сүлейменов;
3. Кайрат Ералиев, Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).
63 келі 
1. Тапа Шива (Үндістан); 
2. Закир Сафиуллин; 
3. Баходур Усмонов (Тәжікстан), Арген Кадырбекуулу (Қырғызстан).
69 келі 
1. Абылайхан Жүсіпов; 
2. Талғат Шайкен;
3. Фазлиддин Мелибоев (Өзбекстан), Синг Неги Дурьодхан (Үндістан).
75 келі 
1. Тұрсынбай Құлахмет; 
2. Вадим Туков (Ресей);
3. Ражаббой Атаназаров (Өзбекстан), Одильжон Аслонов (Өзбекстан).
81 келі 
1. Ерік Әлжанов;
2. Бекзат Нұрдәулетов; 
3. Акмалбек Косимов (Өзбекстан), Козимбек Мардонов (Өзбекстан).
91 келі 
1. Василий Левит;
2. Айбек Оралбай;
3. Абзал Құттыбеков, Ремула Абудурексити (Қытай).
+91 келі 
1. Қамшыбек Қоңқабаев;
2. Нұрлан Сапарбай;
3. Нұрболат Сермаханов, Сергей Егоров (Ресей). 
Әйелдер 
51 келі
1. Назым Қызайбай; 
2. Жайна Шекербекова; 
3. Ангелина Лукас, Жансая Әбдірайымова.
57 келі 
1. Дарья Абрамова (Ресей); 
2. Айжан Қожабекова;
3. Ган Юанмэй (Қытай), Аида Әбікеева.
60 келі 
1. Римма Волосенко; 
2. Парвин (Үндістан);
3. Карина Ибрагимова, Анастасия Селина (Ресей).
69 келі 
1. Дариға Шәкімова; 
2. Ян Ли (Қытай);
3. Марина Вольнова, Эльмира Азизова (Ресей).
75 келі 
1. Надежда Рябец;
2. Елена Гапешина (Ресей); 
3. Чжен Лю (Қытай), Бора Савити (Үндістан). 
 
Турнирдің ең үздік боксшысы – Абылайхан Жүсіпов; 
Техникалық шеберлігі жоғары боксшы – Махмұт Сабырхан;
Жеңіске деген жігерлігі үшін жүлдесі – Вадим Туков (Ресей).
https://baq.kz
21 шілде 2019 ж. 1 131 0