Бокс: Қазақстан құрамасының Президент кубогына дайындығы қандай?
Бокстан ҚР Президентінің кубогы биыл 16-20 шілде аралығында өтеді.Осымен VII рет ұйымдастырылып отырған аталмыш додаға Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің және Қазақстанның боксшылары қатысады. Жалпы, әлемнің 13 мемлекетінен келген 123 ер және 33 әйел боксшылар жүлдеге таласады.
Биылғы турнирдің ерекшелігі - жаңа олимпиадалық салмақтар бойынша өтеді: ерлер 8, әйелдер 5 салмақта бақ сынайды.
Алтын жүлдеге 2 мың, екінші орынға 1 мың, ал қола жүлдегерлерге 500 АҚШ доллар көлемінде сыйақы беріледі.
Қазақстан құрамасы Президент кубогына дайындықты елордадағы «Тарлан-Арена» кешенінде жүргізіп жатыр.
«Оқу-жаттығу жиынының басталғанына 1 апта болды. Президент кубогы 16 шілдеде басталады. Кеше елімізге Филиппин мен Алжир құрамасы келіп жетті. Солармен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Алда тағы бірге дайындаламыз. Жалпы, жарысқа 13 мемлекеттің боксшылары қатысады. Президент кубогы – әлем чемпионатының алдындағы ең жауапты жарыс деп ойлаймын. Бұл додада Қазақстан боксшыларының деңгейін тағы бір байқап көреміз», - дейді бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.
Президент кубогына қатысатындар арасында 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев те бар.
Танымал боксшы өз жеріміздегі додаға дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты.
«Президент кубогы жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетелдердің үздік боксшылары бас қосатын турнир. Біздің дайындығымыз жоғары деңгейде деп айта аламын. Сәтті өнер көрсетіп, ел үмітін ақтаймыз деген сенімдемін. Бұл дода Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі саналады. Себебі, әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар осы жарыс қорытындысы бойынша іріктеледі. Сондықтан, біздің боксшылардың аянып қалмайтыны анық. Барлық жігіттерден жеңіс күтеміз. Қарсыластар да осал емес. Турнирге үздік боксшылар қатысады. Ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Барлығы да мықты боксшылар», - дейді Ерәлиев.
Президент кубогына қатысатын Қазақстан боксшыларының тізімі:
52 келі – Әнуар Мұзапаров
57 келі – Қайрат Ерәлиев
63 келі –Зәкір Сафиуллин, Санатәлі Төлтаев
69 келі – Асланбек Шымбергенов, Абылайхан Жүсіпов
75 келі –Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл, Талғат Шайкен
81 келі – Нұрбек Оралбай
91 келі – Василий Левит, Айбек Оралбай
+91 келі – Қамшыбек Қоңқабаев.