Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жігіті әйгілі орыс шахматшысы Карякинді ұтып, айды аспанға шығарды

Қазақ жігіті әйгілі орыс шахматшысы Карякинді ұтып, айды аспанға шығарды

Ринат Жұмабаевтың жеңісіне қарамастан, ерлер құрамасы ресейліктерден 1:3 есебімен ұтылып қалдыГроссмейстер Ринат Жұмабаев 2016 жылғы әлемнің вице-чемпионы Сергей Карякинді ұтты.

Қос шахматшы командалық әлем чемпионатының бесінші  жарыс күні кездескен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.
"Өте қиын партия болды. Бірақ әу бастан басымдықты өз қолыма алдым. Қарсыласым әдеттегідей керемет ойын өрнегін көрсетті", - дейді мерейі үстем болған Ринат Жұмабаев.
Сергей Карякин, оның айтуынша, бес сағаттан артық қорғаныста ойнап, қысымға шыдамай, қателік жіберген.
Федерация атап өткендей, Сергей Карякин "асқан шеберлік" танытты, бірақ қазақстандық басым болды.
Бірақ отандасымыздың жеңісіне қарамастан, еліміздің ерлер құрамасы ресейліктерден 1:3 есебімен ұтылып қалыпты.

Ал әйелдер құрамасы Украина командасымен кездесіп, тең түскен.
Бесінші турдан кейін турнир кестесіндегі бірінші орында Ресей тұр, одан кейін Үндістан мен Англия келе жатыр. Қазақстан құрамасы жетінші орынға табан тіреді.
Шахматтан командалық әлем чемпионаты Астанада наурыздың 4-і мен 14-і аралығында өтіп жатыр. Жарыста 14 елден келген он ерлер және он әйелдер құрамасы бақ сынасуда.
sputniknews.kz
10 наурыз 2019 ж. 1 024 0