Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азиада-2018: Қазақстанның қоржынында 12 медаль бар

Азиада-2018: Қазақстанның қоржынында 12 медаль бар

Сейсенбі күні күресші Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресіннен қола жүлде иеленіп, Қазақстанға 12-ші медаль сыйлады.Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарында қазақстандықтар 12 медальге қол жеткізді.
Балуан Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресіннен 60 келі салмақ дәрежесінде үздік ойын көрсетіп, "қола" иеленді, деп хабарлайды Sports.kz
Сонымен 21 тамызда Қазақстанның қоржыны алты медальға байыды: екі "күміс" және төрт "қола".
Күміс жүлдені қанжығасына байлағандар – су полосынан әйелдер құрамасы және тхэквондист қыз Кансель Дениз, қола жүлдегерлер — тхэквондист Руслан Жапаров, маунтинбайкер Кирилл Казанцев, күресшілер Эльмира Сыздықова мен Мейрамбек Айнағұлов.
Ұлттық олимпиада комитетінің сайты хабарлағандай, бүгін 22 тамызда Қазақстан құрамасы тағы бірнеше спорт түрінен жүлдеге таласады. Сонымен, суға жүзу жарыстарынан олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин бағын сынайды.
  • Садақпен ату. Компаунд. Бастапқы кезең. Ерлер, әйелдер:
Н. Дударева, В.Лян, Д. Макарчук, А. Жексенбинова, С. Христич, П. Фишер, А. Карабаев, К. Солодовников.
Басталуы: 08:00 (әйелдер), 13:20 (ерлер)
  • Семсерлесу. Командалық жарыстар. Қылыш (әйелдер), семсер (ерлер):
 Т. Почекутова, А. Хабибулина, Т. Приходько, А. Сарыбай
Э. Әлімжанов, Д. Алексанин, Р. Құрбанов, В. Шарлаимов
Басталуы: 08.00. Финал — 17.30
  • Оқпен ату. Винтовка (3 позиция), тапанша (25 метр). Әйелдер:
Ю. Комендра, З. Байбүсінова, В. Старостина, А. Малиновская
Басталуы: 08.00, финал — 12.30
  • Жүзу. 100 метр брасс әдісімен, 100 метр баттерфляй әдісімен. Аралас эстафета 4х100 м. Ерлер:
А. Мусин, Д. Баландин, А. Камзенов
Басталуы: 08.00, финал — 17.00
  • Ескек слаломы. Ерлер, әйелдер:
А.Куликов, К.Еренгаипов, К.Сафина
Басталуы: 09.30
  • Велошоссе. Жеке жарыс. Әйелдер:
 Н. Сайфутдинова, М. Үмітжанова
Басталуы: 09.00
  • Таеквондо. Ерлер, 63 кг, 80 кг:
К. Бақтиярұлы, Н. Мырзабаев
Басталуы: 09.00, финал — 16:00
  • Теннис. Жеке, жұптық разрядтар, микст, 1/8 финал:
А. Бублик, Д. Евсеев, Г. Айнитдинова, А. Данилина, Ж. Құламбаева, Т. Хабибулин, Д. Дитковская
Басталуы: 09.00
  • Көгалдағы хоккей. Бастапқы кезең. Ерлер:
Қазақстан — Бангладеш
Басталуы: 09.00
  • Академиялық ескек. Жеке (ерлер), төрттік-жұптық (ерлер):
И. Эскузиди, Е. Таций, А. Шашков, В. Васильев, Г. Феклистов
Басталуы: 09.00
  • Волейбол. Бастапқы кезең. Ерлер:
Қазақстан — Жапония
Басталуы: 11.30
  • Грек-рим күресі. Ерлер:
А. Ділмұхамедов (77 кг), А. Күстібаев (87 кг), Е. Искаков (97 кг), Н. Тінәлиев (130 кг)
Басталуы: 12.00, финал — 18:00
  • Жағадайлық волейбол. Ерлер, әйелдер. Бастапқы кезең:
С. Богату, Д. Яковлев, А. Раченко, Е. Еропкина, Т. Машкова, И. Цимбалова
Басталуы: 13.00
  • Спорттық гимнастика. Командалық жарыс. Финал. Ерлер:
М. Карими, Н. Құрбанов, А. Мұсаев, Е. Жантықов, И. Әзизов
Басталуы: 13.00
  • Баскетбол (3х3). Ерлер. Бастапқы кезең:
Қазақстан — Ауғанстан, Қазақстан — Түркіменстан, Қазақстан — Иран
Басталуы: 16.50
  • Ушу. Таолу. Ерлер:
А. Еділбаев
Басталуы: 08.00
  • Боулинг. Трио. Әйелдер:
Н. Мандрица, Н. Орлова, Е. Гришиненко
Басталуы: 08.00

22 тамыз 2018 ж. 1 271 0