Қазақстандық жас спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді. Рахат қоссайыс қорытындысы бойына 377 (175+202) келіні бағындырған.
Күміс жүлдені болгариялық Василь Маринов (370 келі), қоланы грузиялық Заза Ломтадзе (351) иеленді.
Одан бөлек, бүгін тағы бір отандасымыз Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол АҚШ-тың Калифорния штаты Карсон қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Сабриэль Матиаске есе жіберді.
Сонымен қатар, бүгін футболдан чемпиодар лигасының жеңімпазы анықталды. Бұл жолы лондондық "Челси" клубы "Манчестер Ситиден" 1:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымындағы жеңімпазы атанды.
kaz.nur.kz